Дәрігерге сұрақтар
Ішпердеге таралған обыр (HIPEC)
HIPEC емі қалай өтеді, пациент не бастан кешіреді?
HIPEC, яғни қыздырылған химиотерапия препараттарымен құрсақ қуысын емдеу хирургиялық жолмен орындалады. Бұл емге шешімді жалғыз хирургтың қатысуымен емес, мультидисциплинарлық команданың, яғни химиотерапевттің (медициналық онкологтың), HIPEC тәжірибесі бар хирургтың, гистологтың және радиологтың бірлескен талқылауымен қабылдайды.
Бұл қауіпі жоғары, асқыну пайызы жоғары ем әдісі. Әр онкологиялық науқасқа жарамайды.
Осы сұраққа сілтемеHIPEC операциясын қайда жасатқан дұрыс, аурухана таңдағанда нені қарау керек?
HIPEC операциясы үшін орталық таңдағанда ең алдымен сол орталықтағы онкологиялық қызметке және онкологиялық науқастарды емдеудегі тәжірибеге қарау керек. Сол орталықта мультидисциплинарлы онкологиялық консилиумның бар-жоғын да ескеру керек.
Бұл орталықтарда барлық қызметтердің, реанимацияның да, басқа мамандық дәрігерлерінің де болуы міндетті. Бұл операциядан кейін болуы мүмкін асқынуларды басқара алатын қуаттағы орталық таңдалуы керек.
Осы сұраққа сілтеме