Др. Ильгар Исмайлов

Дәрігерге сұрақтар

Өт қабы

Өт қабындағы тасты дәріменен ерітуге бола ма? Хирург операция, терапевт күту десе, кімге сену керек?

Дәлелді медицинаның соңғы деректеріне сәйкес өт қабындағы тасты дәріменен ерітудің хаттамасы жоқ, тіпті бұл қауіпті деп саналады.

Операция жасау немесе күту туралы шешім науқастың жасына, тастың мөлшеріне және тастардың санына байланысты. Өте сирек жағдайларда өт тас ауруы диагнозы қойылған науқасқа операция жасамау туралы шешім қабылданады. Бұл негізінен жасы өте үлкен науқастарға және операцияға қарсы көрсетілімі бар науқастарға қатысты. Басқа жағдайларда, яғни көп жағдайда операцияға көрсетілім бар.

Шағымы болмаса да науқасқа бұл операцияның ұсынылуының себебі: өт тас ауруына, өт қабындағы тастарға байланысты болуы мүмкін, өмірге қауіп төндіруі мүмкін асқынулар қаупі.

Осы сұраққа сілтеме
Өт қабындағы тас пен ескі операциядан қалған жарық бір операцияда шешіле ме?

Иә, өт тасы ауруына байланысты лапароскопиялық операция жасалса, сол кезде жарықты жоюға да болады. Бірақ алдыңғы операция ашық әдіспен жасалса, екінші операцияны лапароскопиялық жасау белгілі бір техникалық қиындықтар тудыруы мүмкін. Бұл операцияны лапароскопиялық әдіспен ерекше тәжірибесі бар орталықтар мен хирургтардың жасауы ұсынылады.

Осы сұраққа сілтеме
Өт қабы алынғаннан кейін іш өту қашан тоқтайды?

Өт қабы алынғаннан кейін іш өту өте сирек байқалады. Бұл ағзаның бейімделу кезеңінде болады және әдетте 3-4 аптаға созылуы мүмкін. Оның болмауы және ұзаққа созылмауы үшін өт қабының операциясы жасалған науқастарға арнайы диета тағайындалады.

Осы сұраққа сілтеме
Мен бала емізіп жүрмін. Өт қабының операциясынан және наркоздан кейін қашан емізуге болады?

Қазіргі наркоз құралдары мен минималды инвазивті операция мүмкіндіктері өт қабының операциясынан небәрі бірнеше сағат кейін баланы емізуді қалыпты тәртіппен жалғастыруға жағдай жасайды.

Осы сұраққа сілтеме