Дәрігерге сұрақтар
Лапароскопиялық операциядан кейін
Лапароскопиялық операциядан кейін ауыр жұмысқа, жүк көтеруге қашан оралуға болады?
Лапароскопиялық операциялардан кейін, ашық операциялардан айырмашылығы, қалыпты өмірге және ауыр жүкті көздемейтін спорттық әрекеттерге қысқарақ мерзімде, 3-4 апта ішінде оралуға болады. Бірақ ауыр жүк көтеруге байланысты жұмысқа және спорттық қимылдарға 4-6 айдан кейін, біртіндеп оралу ұсынылады.
Осы сұраққа сілтемеЛапароскопиядан кейін тігіс орнында немесе кіндікте ісіну пайда болды. Бұл жарық па, әлде басқа нәрсе ме?
Лапароскопиялық операциялардан кейін тігіс орнында жарықтың пайда болуы өте сирек кездеседі. Әдетте бұл 10 мм камера қолданылғанда болуы мүмкін. Мұны анықтау үшін хирургтың қарауы міндетті, қажет болса қосымша тексеру әдістері, яғни ультрадыбыс және томография қажет болуы мүмкін.
Осы сұраққа сілтеме